Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Үндістан премьер-министрі: БРИКС саммитінің негізгі тақырыбы терроризмге қарсы іс-қимыл болады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастық БРИКС саммитінің күн тәртібінің басты элементіне айналады деп мәлімдеді. Бұл туралы 12 қарашада Үндістан басшысының Бразилияға кету қарсаңындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап «Наводая» үнділік жаңалықтар агенттігі хабарлады, деп REGNUM жазады.

Нарендра Моди өз сөзінде: «Саммит барысында БРИКС басшылары цифрлық экономика, ғылым және технология сияқты маңызды салаларда әлемдегі ең маңызды бес экономика арасындағы қатынастарды нығайту мүмкіндіктерін талқылайды» деп атап өтті. Оңтүстік Азия мемлекетінің премьер-министрінің айтуынша, күн тәртібіндегі негізгі мәселе терроризмге қарсы күресте елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, БРИКС саммиті 13-14 қарашада Бразилияда өтеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *