Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәлібтердің жоғары шенді қолбасшысы тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. 10 қарашада Ауғанстанның Кундуз провинциясы (провинциясының астанасы — Кундуз) губернаторының ресми өкілі провинцияда Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде Талибан қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  жоғары шенді командирі Абдул Басет  ұсталғанын мәлімдеді.Бұл туралы REGNUM хабарлайды.

Ауғанстандық Bakhtar News Agency ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің тәлібтерді жою жөніндегі операциясы Кундуз провинциясының Чахардар уезінің аумағында жүргізілді.

Ауғанстандағы Кундуз провинциясы губернаторының ресми өкілінің айтуынша, Абдул Басет «Талибан» қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  «қызыл отряд» — элиталық бөлімшесі командирі болған.

Қазіргі уақытта «Талибан» қозғалысының (ҚРқызметіне тыйым салынған ұйым) ресми өкілдері бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *