Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Колумбияда полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша. Колумбияның Каука қаласында полиция ғимаратының маңында жүк көлігі жарылды. Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты, он шақты адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

«Сантандер-де-Киличао, Каука елді-мекеніндегі жаңадан ашылған полиция учаскесінің маңында жүк көлігі қойылған. Елді-мекен жарықсыз қалды», — делінген хабарламада.

Басылым прокуратурадағы дерекөзіне сілтеме жасап, оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, он шақты адам зардап шеккенін жазады.

Жергілікті БАҚ өкілдері жүк көлігінен ғимаратқа қарай екі баллон ұшқанын айтады, жарылыстың жойқын болғаны соншалық, оның дүмпуі бүкіл қалаға естілген.

Колумбияда бейсенбі және жұма күндері өткен наразылық акцияларына 200 мыңнан аса адам қатысты, елдің бірқатар қалаларында тәртіпсіздіктер жайлады. Бастапқыда наразылық акцияларына студенттер мен оқытушылардың марштары ретінде ойластырылған, алайда саяси оппозиция сол күні жаппай ереуіл өткізу ниеті туралы мәлімдеген болатын. Колумбиялықтар ел билігінің қылмыспен және экономикалық саясатпен күресудегі әрекетсіздіктеріне қарсы наразылық білдіруде.

Ресми мәліметтер бойынша, наразылық акциясы кезінде үш адам қаза тапқан, тағы 273 адам, оның ішінде 148 әскери және үш полиция қызметкері зардап шекті.

Колумбиялық билік наразылықтар көрші елдердің сценарийлері бойынша өтіп жатыр деген қауіптерді алдын ала білдірді, онда тәртіпсіздіктің нәтижесі адам құрбандары мен айтарлықтай экономикалық залал келтірілген. Наразылықтар қарсаңында көші-қон қызметі құрлықтағы және өзен шекаралары жабылды. Үкімет қаруды алып жүруге тыйым салу, спиртті сату мен тұтынуды шектеу және коменданттық сағатты жариялау мүмкіндігін қамтитын шұғыл шаралар туралы жариялады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *