Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда Сирия бойынша кезекті отырыс өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадрияров 10-11 желтоқсан күндері елордада Сирия бойынша кезекті халықаралық жоғары деңгейдегі ХІV кездесу өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Оған кепілгер елдер – Иран, Ресей, Түркия, Сирия Үкіметі, Сирия қарулы оппозициясы делегациясы қатысады деп жоспарланып отыр. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирактың жоғары өкілдері болмақ. Отырыстың күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады: Сириядағы ахуал, Ифрат өзенінің арғы жағы және Идлиб мәселелеріне басымдық, тұтқындарды босату және із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруді қоса алғанда сенім шаралары, босқындарды қайтару және мемлекет ішінде қоныс аударған тұлғалар контексінде Сирияға кешенді гуманитарлық көмек көрсетуді жандандыру, оның ішінде халықаралық конференция өткізу туралы тиісті бастамаларды талқылау, Конституциялық комитеттің іске қосылуы аясында саяси үдерістерді ілгерілету», — дейді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ өкілінің айтуынша, кездесу алаңында БҰҰ мен халықаралық Қызыл Крест комитетінің кепілгерлері мен сарапшыларының қатысуымен күшпен ұсталып отырған адамдарға арналған жұмыс тобының оныншы отырысын өткізу жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *