Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ мен Қытай делегациясы терроризммен күрестегі тәжірибелерімен алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан. Ресей мен Қытай қоғамдық қауіпсіздік, әділет және құқықтық тәртіп аясында консультациялар өткізді. Бұл туралы  Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі аппаратының баспасөз хатшысы Евгений Аношинге сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды.

Пекиндегі консультациялардағы ресейлік делегацияны РФ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев , ал қытайлық делегацияны ҚКП ОК мүшесі,ҚКП ОК саяси-құқықтық комиссиясының хатшысы Го Шэнкунь басқарды .

Екі елдің өкілдері терроризмге қарсы бірлескен күрес, соның ішінде лаңкестік әрекетті қаржыландыру мен ақшаны жылыстату, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, көлік қауіпсіздігі саласындағы бірлескен іс-қимыл мәселелерін, соның ішінде «Бір белдеу — бір жол» жобасын талқылады. Тағы бір тақырып — ақпараттық қауіпсіздік, атап айтқанда, хакерлердің шабуылдарынан қорғау.

Бұдан бұрын хабарлағандай , Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев қауіпсіздік саласындағы кеңестерін Мәскеу мен Пекин арасындағы стратегиялық серіктестіктің ажырамас бөлігі деп атады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *