Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда «STOP Экстремизм!» байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті

АЛМАТЫ, 04 желтоқсан. Елімізде діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ! Осындай ұстанымды алдына мақсат еткен «STOP Экстремизм!» байқауы Алматыда ұйымдастырылды. Жыл сайын халық арасында бұл зұлымдықтың алдын алуды насихаттайтын байқауға барлық саны 87 қатысушы өтінім тастап, 100-ден астам жұмыс авторлары бақтарын сынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дін – қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі. Ал, Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы діни ағымдардың кері жағын дұрыс танымай жатады. Осы орайда, елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы қоғамды қалыптастыру мақсатында жыл сайын өткізілетін «STOP Экстремизм!» әлеуметтік байқауына Қазақстанның барлық қалаларынан 130 авторлық бейнеролик келіп түскен. Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында дінге деген көзқарасты дұрыс қалыптастырып, оның қоғамға келтіретін зиянын түсіндіру.

«Ең бастысы, бұл роликтерде адамдардың экстремизм дегеннің не екенін біліп, екінші жағынан, туыстар мен жақындарымызды содан сақтап қалу болып отыр. Менің ойымша, бұл өте жақсы стимул және адамдардың осындай экстремизмге қарсы жаңа шеруі, жақсы «тренд» деп есептеймін», — деді Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген.

Байқауға еліміздің әр қаласынан 87 адам қатысқан. Сайыс талаптарына сай орындалған және мағынасы терең әлеуметтік бейнероликтердің ішінен ең үздіктері таңдалып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Байқаудың жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрап, ол бес қатысушыға бөлініп берілді. Ең жақсы авторлық жұмыстар «Үздік әлеуметтік ролик» номинациясы бойынша — 700 000 теңге, «Үздік идея» — 400 000 теңге, «Үздік режиссерлік жұмыс» — 300 000 теңгелік ынталандыру сыйлығы номинациялары бойынша марапатталды.

«Біз картинаның жақсы болуына және мына мағынаны қаншалықты терең жеткізгеніне аса көңіл аударамыз. 130-дан астам жұмыс көрдік. Олар да жақсы, бірақ оларға біраз шеберлік жағынан біраз шыңдалу қажет», — деді кинорежиссер Мирас Төлеуханов.

Марапаттау рәсімінде бұл зұлымдықтың мән-мағынасын бейнеролик арқылы жеткізе білген жұмыстардың көбі көрермендер назарына ұсынылды.  Алдағы уақытта байқауға қатысқан бұл роликтер әлеуметтік желілерге де жүктеледі. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды — Олег Хон, Әлинұр Шпекбаев, Сабина Тоқсанова, Рүстем Әлпи есімді қатысушылар иеленді.

«Ұтамыз деген мақсат болған жоқ. Бастысы – өзіміздің ішіміздегі бір сезімді жеткізу еді. Бұл нағыз зұлымдық деп ойлаймыз және де қоғам тарапынан, басшылар тарапынан осындай байқауларды ұйымдастыру өте жақсы бастама деп білемін. Зұлымдықты тек жақсылық қана жеңе алады», — деді «STOP ЭКСТРЕМИЗМ!» әлеуметтік байқауының жүлдегері Рүстем Әлпи.

Қазіргі таңда халықаралық терроризм ауқымы, келтірген залалдары мен жиілігі бойынша адамзаттың үлкен проблемаларының біріне айналған. Десе де, діни экстремизм мен лаікестікке қарсы күрес елімізде  2013 жылдан бастау алып, арнайы бағдарламалар жұмыс жасап келеді. Онда жат ағымның  алдын алуда жұртшылықты жұмылдыруға және мақсатты топтар арасында ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жетілдіруге жете мән берілген. Айта кетелік, осындай маңызды шара Алматы қаласының прокуратурасы мен арнайы қоғамдық қорлардың қолдауымен ұйымдастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *