Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астана процесі: Барлық тарап келіссөздерге қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан. Елордада өтетін Астана процесіне келіссөздерге қатысушы барлық тарап келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«10-11 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 14-ші халықаралық кездесу өтетіні мәлім. Сирия бойынша Астана процесінің барлық тараптары келіссөздерге қатысатынын растады және біздің елордамызға келе бастады. Олардың арасында кепілгер-мемлекеттердің делегациялары – Ресей, Түркия және Иран, Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясы бар», -деді Айбек Смадияров.

Оның атап өтуінше, кездесуге бақылаушы ретінде БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсеннің басшылығымен арнайы делегация қатысады. Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарады. Иран делегациясы елдің Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Али Асгар Хаджидің басшылығымен қатысатын болады.

«Іс-шара басталғанға дейін бір күн бұрын кепілгер-елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екі жақты және үш жақты консультациялар өткізуге ниетті. Жалпы отырыс барлық тараптардың қатысуымен 11 желтоқсанға жоспарланған», — деді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *