НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Сирия жөніндегі келіссөздердің келесі раунды Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың наурызында өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Қазақстан билігіне Астана форматындағы Сирия бойынша 14 халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтанда өткізгені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді. Астана форматындағы Сирия бойынша келесі халықаралық кездесуді 2020 жылдың наурызында Нұр-Сұлтанда өткізу туралы шешім қабылдады», — делінген сәрсенбідегі ҚР сыртқы істер министрлігінің (СІМ) сайтында жарияланған Астана форматында өткен Сирия жөнінде халықаралық кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде.
Сирия бойынша келіссөздердің XIV раунды Нұр-Сұлтанда 10-11 желтоқсанда өтті.