Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ешкім де өз балаларына осылай көмектеспейді — американдық психолог «Жусан» операциясы туралы

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Босқындармен жұмыс жасаудың 25 жылдық тәжірибесі бар американдық психолог Стеван Вейн Қазақстанда ДАИШ  экстремистік ұйымының қатарында Сириядағы соғыс аймағында болған қазақстандықтардың әйелдерімен және балаларымен кездесті. Чикагодағы Иллинойс штаты университетінің психиатрия кафедрасының профессоры Ақтаудағы кең ауқымды оңалту орталығына барған алғашқы американдық маман болды. Соғыс қасіретін көрген кішкентай қазақстандықтардың ойлары мен олардың өз Отандарында жарқын болашақтары бар-жоғы туралы  USA TODAY-ге сілтеме жасап TengriMIX  жазады.

Психологтың пікірінше, Қазақстан бүкіл әлемге үлгі болды, өз отандастарын Сириядан бірінші болып елге қайтарған ел. Кейбір ресми емес мәліметтерге сәйкес, Сирия мен Ирактағы Аль-Холь босқындар лагерінде тағы 49 мың бала қолайсыз жағдайда қалады, олардың 1300-ге жуығы Еуропадан.

«Көптеген адамдар оралғандар қоғам үшін тым қауіпті деп қорқады. Бұл қорқыныш, жақында Лондонда түрмеден босап шыққан исламдық террорист ер адам мен әйелді пышақтап тастаған кезде,  расталады. Аздаған балалар мен аналар өз елдеріне қайтып келді. Тіпті Америка Құрама Штаттары ондаған шақты оралманды қабылдады. Тек Қазақстан  ғана жүздеген балалар мен әйелдерді қабылдады », — деді ол.

Стеван Вейн Ақтау қаласындағы оңалту орталығына маусым айында келді, қараша айында ол басқа орталықтарға барды. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментімен қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін шақырылды.

«Еш бір  ел Қазақстан тәуекел еткен шешімді іске асырмады.  Бұл маған қатты әсер етті. Сондай-ақ орталықтардың күрделі мәселелерге тап болғанын байқадым. Қызметкерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындар 10 мен 13 жасар аралығындағы балаларға алаңдаушылық білдіруде. Олар жасөспірімдер қару қолдану дағдыларына үйретілген, «жанкешті белбеулер» туралы білуі және ұрыс-керіске, азаптауға немесе өлтіруге қатысулары мүмкін деп санайды. Сонымен қатар олар идеологиялық насихаттан өтіп, ДАИШ-ке ант беріп, өз нанымдарын жасыруы  мүмкін.Қазақстан бұл қауіп-қатерлерді  толық түсініп, ескереді. Бұл балалар мен аналарды  құрбан деп санап, елге қайтарып, өмірлерін қалпына келтіруге лайықты деп санайды», — деп жалғастырды маман.

Америкалық ғалым жасөспірімдердің психологиялық жарақаттарымен жұмыс жасау өте маңызды екенін атап өтті.

«Олар экстремистік нанымды әлі де ұстанса да, оларға зорлық-зомбылықтан бас тартуға,психологиялық жарақаттан айығып, шешім қабылдау дағдыларын күшейтуге көмектесу керек. Сирияда олар қалыпты білім алған жоқ. Олардың көпшілігі орыс және қазақ тілдерін білмейді. Мұнда балалар жергілікті құрдастарын  қуып жету  үшін жазғы мектептерде және кешке оқиды.

Сәбилер сияқты жеткіншек балалар да  психологиялық  оңалту шараларынан өтуі керек. Себебі олардың ДАИШ-ке дейінгі балалық шақтары есінде. Кейбіреулері жаңа қарым-қатынастың, жаңа тұлғаның және жаңа өмірдің негізін қалайтын жағымды естеліктерге ие. Әдетте балалар құрдастарына еліктейді. Бұл олардың бөтен жерде білгендерін ұмытып кетуіне көмектеседі », — дейді ол.

Профессор болашақта балалар оларға не болғанын дұрыс түсінуді үйрене алатындығын атап өтті.

«Мен, жасөспірім-оралмандар қазірдің өзінде қалай халифат шындығы олардың арманын ақтамағаны туралы, ДАИШ туралы ойларымен бөліскенін естідім.Олар қалыпты өмірден соғыс аймағына кетуге мәжбүр еткен ата-аналардың шешімі туралы ойланады. Әрине, кеңесшілер мен теологтардың көмегімен балалар өздерінің аналарына немесе басқа отбасы мүшелеріне осындай мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Қорытындылай келе, балалар қатарынан оралғандар жас болып қалыптасқанға дейін сауығып, өзгеруге мүмкіндік алады. Көптеген елдер күмәнданып отырған кезде, Қазақстан балалар мен әйелдерге өз өмірлерін қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Бұл тек біздің отандастарымызға ғана емес, ерте ме, кеш пе осындай проблемаларға тап болатын бәрімізге үлгі », — деп қорытындылады профессор.

«Жусан» арнайы операциясы бойынша Сириядан 595 қазақстандық, оның ішінде 406 бала қайтарылды . Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы басшысының орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, террористік әрекеттерге қатыспаған әйелдер мен балалармен оңалту жұмыстары ұйымдастырылды. Бүгінгі күні қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 22 әйел зайырлы өмір салтын ұстанады, 33 — дәстүрлі исламның нормаларына көшті, қалғандармен  дерадикалдандыру жұмыстары жалғасуда.

Арнайы операцияның бірінші кезеңінде 47 қазақстандық Сириядағы соғыс  аймақтан қайтарылды. Екінші кезеңде 231 қазақстандық эвакуацияланды, оның ішінде 156 бала, негізінен мектепке дейінгі жастағы. Үшіншісі — 67 әйел, 171 бала, оның ішінде тоғыз жетім бала.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *