Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кенияда террористер АҚШ әскери-теңіз базасына шабуыл жасады

 НҰР-СҰЛТАН, 05 қаңтар. «Аш-Шабаб» радикалды исламистік тобының содырлары Кениядағы АҚШ әскери-теңіз базасына шабуыл жасады. Бұл туралы Daily Nation газеті жергілікті билік өкіліне сілтеме жасап жазады, деп REGNUM хабарлайды.

АҚШ әскери-теңіз базасы Үнді мұхитының жағажайындағы кениялық Ламу округінде орналасқан. 5 қаңтар күні таңертең қаруланған террористер базаға басып кіріп, оқ жаудырды.

«Бұл шындық. «Аш-Шабабтың» болжамды  содырлары Манда-Махогони әскери-теңіз базасына шабуыл жасады. Лагерьге таңғы 4:00 шабуыл жасаған қылмыскерлермен Кения қорғаныс күштері жұмыс жасап жатыр», — деді Ламу округінің комиссары Ирунгу Мачария.

Кения әуе күштерінің әскери ұшақтары қақтығыс болған жерге «бірнеше бомбаны» лақтырды делінген. Сондай-ақ, содырлар осы аудандағы Хинди ауылынан келгені анықталған.

Мачария қазіргі уақытта шабуылға тойтарыс берілгенің айтты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Кения «Аш-Шабаб» содырлары күшейіп жатқан Сомалимен шекараласады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *