Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Тәжікстанда экстремизммен күрес туралы заң күшіне енді. Құжатты өткен жылы қарашада парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды. 

Заңға президент Эмомали Рахмон қол қойған соң, құжат ресми баспасөзде жарияланды.

Жаңа заңға сәйкес, Тәжікстан билігі ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғаныс қабілетін әлсірететін әрекеттерді; билікті басып алуға және конституциялық құрылымды өзгертуге ашық үндеуді; ұлттық, нәсілшілдік және діни араздық туғызуға бағытталған әрекеттерді экстремистік деп таниды.

Сарапшылар заңның кейбір ережелері күмән туғызады деп отыр. «Мысалы, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғаныс қабілетін әлсірететін әрекет деген не? Түсініксіз. Билік заңсың осы бабын пайдалана отырып, саяси партиялар мен топтардың белсенділерін қудалауы мүмкін» деп есептейді заңгер Шухрат Кудратов.

Экстремизм Тәжікстандағы өзекті мәселелердің біріне айналды. Тәжік билігінің мәліметі бойынша, 1900 азамат Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымына қосылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *