Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылорда облысында 700 келі есірткі заңсыз айналымнан алынды

ҚЫЗЫЛОРДА, 11 қаңтар. Қызылорда облысында былтыр 700 келіден астам есірткі заты заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылы Қызылорда облысында есірткінің заңсыз айналымына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне 429 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабында көрсетілген есірткі, психотроптық заттар, сол тектес және прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша көзделген қылмыстық теріс қылықтың 328 дерегі анықталған.

Сондай-ақ, қылмыстық істің 12-сі — есірткі затын сақтау, 67-сі — құрамында заңмен тыйым салынған есірткі құралы бар сора өсімдігін өсіру бойынша қозғалған.

«Нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында облыс көлемінде жалпы 405 іс-шара өткізілді. Нәтижесінде осы бағытта акция, арнайы дәріс, дөңгелек үстел, кездесулер, спорттық іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар үкіметтік емес ұйымдар, мектеп инспекторларымен бірлесе ұйымдастырылды. Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында осы мақсатта тиісті шаралар жасалды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *