Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Аль-Каиданың» Ирактағы ұяшығының болжалды басшысы АҚШ-та ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан. Американың  Аризона штатының билігі Ирактағы «Аль-Каида» террористік ұыймының  ұяшығын басқарды деген күдікпен Финикс қаласының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Аризона штатының прокуроры жарияланған мәліметке сілтеме жасай ТАСС отырып хабарлады .

Мәлімдемеде  көрсетілгендей, 42 жастағы Юсеф Ахмед ан-Нури Финикс қаласының сот алдына келді. Ол қаңтардың аяғында келіп түскен Ирак билігінің өтініші бойынша қамауға алынды. Бұл елде ол, атап айтқанда, 2006 жылы екі полиция қызметкерінің өліміне қатысы бар деп айыпталуда.

Ирак билігі ан-Нури құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған  ел аумағында әрекет ететін «Аль-Каида» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) ұяшығының бірін басқарды деп санайды . Америка Құрама Штаттарының соты ан-Нуриді Иракқа экстрадициялау мүмкіндігін қарастырады.

Прокуратура ан-Нуридің Америка Құрама Штаттарына қашан келгенін, сондай-ақ оның осы елде қандай мәртебеде екенін нақтылаған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *