Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Помпео Қазақстанның соғыс аймақтарынан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмысын мақтады

НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. АҚШ соғыс аймақтарынан азаматтарды қайтару жөніндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару жөніндегі жұмысын атап өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

«Мен министрге Ауғанстанда бейбітшілікті орнату және тараптарды татуластыру жөніндегі біздің күш-жігерімізді Қазақстанның тұрақты түрде қолдағаны үшін алғыс білдірдім. Мен Қазақстанның Ирак пен Сириядан лаңкес-содырларды және олардың отбасыларын елге қайтарудағы көшбасшылығын атап өтемін және атап өтетін боламын. Сіздердің сот төрелігі мәселелеріндегі міндеттемелеріңіз басқа елдерді де солай етуге шабыттандырады деп сенемін», – деді Майк Помпео баспасөз конференциясында. Өз кезегінде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді соғыс аймақтарынан – Сирия мен Ирактан оралған азаматтарды оңалту және қайта интеграциялау бойынша Мемлекеттік департаментпен серіктестік жалғасып жатқандығын хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *