Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың әрекетін әшкереледі

АЛМАТЫ, 10 ақпан. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қылмысын әшкереледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2020 жылғы 4 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні құпия орынға қалдыру сәтінде есірткі зертханасын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар Алматы қаласының «А» деген тұрғыны ұсталды.

«Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде шамамен 5 келі синтетикалық есірткі, 1 келі және 260 литрге жуық химиялық қоспа табылып, алынды, олар сот-химиялық сараптамаға жолданды. Жүйкеге әсер ететін дайын өнім Интернет-ресурстар арқылы және байланыссыз тәсілмен құпия орынға салу жолымен таратылғаны анықталды», — делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

«Соңғы уақытта Алматы қаласына синтетикалық негіздегі есірткіні жасырын дайындау және «қара нарыққа» жеткізу фактілерінің ұлғаюы байқалатынын атап өту қажет. Сонымен, 2019 жылы ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымының 13 фактісінің жолын кесті, заңсыз айналымнан 8 келі артық психотроптық зат және 786 литр химиялық қоспа алынды. Жүйкеге әсер ететін есірткі затын дайындайтын екі жасырын зертхананың әрекеті тоқтатылды. Есірткі бизнесімен айналысқаны үшін 11 адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *