Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оралда 5 келіден астам есірткі тәркіленді

ОРАЛ, 21 ақпан.  Батыс Қазақстан облысында есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын сақтаған екі күдіктіні қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды. 

Оның бірінен 4 келі марихуана табылса, екіншісінен алынған есірткі сараптамадан өтіп жатыр. Алғашқы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 296 бабының 4-ші тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Жалпы жыл басынан бері өңірде есірткіні сақтап, сатуға қатысты 6 қылмыстық іс тіркеліпті, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келіден асады екен. Соның ішінде синтетикалық есірткінің көбеюі мамандарды ерекше алаңдатып отыр.

«Психотроптық заттар адам ағзасына, ми-жүйкесіне қатты әсер етеді. Өйткені ол химиялық синтетика. Әсіресе жастардың арасында таралған. Мүгедек болып қалады. Адам өліміне дейін апарады ол зардабы», — деді  БҚО ПД есірткіге қарсы күрес басқармасының басшысы Әлішер Сары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *