Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елордада 2019 жылы 180 келіге жуық есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Елордалық полицейлер былтыр есірткі саудасына қатысты 73 қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, кейінгі кезде есірткінің дәстүрлі түрлерімен қатар, синтетикалық есірткілер мен олардың баламалары кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, өткен жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін синтетикалық есірткі заттармен байланысты 73 қылмыстық іс тіркелген.

«2019 жылы қала аумағында 180 келіге жуық есірткі тәркіленді. Оның ішінде 3 келіден астам героин және 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі бар. Биыл полиция қызметкерлері 19 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі. Оның ішінде 18,5 келісі – синтетикалық есірткі. Сондай-ақ елордада есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз жарнамалау фактілері анықталды. Одан бөлек, кейінгі кезде интернет арқылы синтетикалық есірткінің таралу қаупі айтарлықтай өсіп келеді. Үгіттеушілер есірткі саудасын заңды табыс табу жолы деп таныстырып жасөспірімдерге жұмыс ұсынған», — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінен.

Мысалы өткен жылы азаматтардың көмегімен елордалық полицейлер 120 интернет-сайттан есірткі жарнамасына қатысты 400-ге жуық граффити-суретті анықтап, алып тастаған. Синтетикалық есірткі ұсынатын интернет-ресурстарды жарнамалаумен айналысатын 10 адам жауапкершілікке тартылды.

Айта кетсек, интернет-технологияларды пайдалану арқылы жасалған есірткі қылмыстары үшін азамат 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Есірткі және психотроптық заттарды сақтау немесе сату фактілері бойынша Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына хабарласуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *