Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Самара облысында терроризмді жақтағаны үшін қырғыз азаматы сотталған

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз. Самара облысында терроризмді жария түрде ақтағаны үшін Қырғызстан азаматы тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы 12 наурызда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің облыстық тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады.

Тергеу мен сот ер адам 2017 жылдан кешіктірмей «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) идеологиясын қабылдады деп тапты.

Сотталушы интернетте,  сарапшылардың пікірінше, зорлық-зомбылық идеологиясын негіздеу және насихаттау белгілері бар ақпараттар жариялай бастады.

Сонымен қатар, ер адам 2017-2018 жылдар аралығында Самарада тұратын 1987 жылы туылған әйелді осы террористік ұйымның қызметіне қатысуға көндіріп, жалдаған.

Осы фактілер бойынша, РФ ҚК-нің 205.2 бабының  2-бөлігі және 205.1 бабының 1.1 бөлігі бойынша қылмыстар негізінде қылмыстық іс қозғалды.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны қатаң режимдегі колонияда тоғыз жылға бас бостандығынан айырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *