Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

“Tелеграм” желісі арқылы есірткі сатқан Петропавл тұрғыны ұсталды

ПЕТРОПАВЛ, 13 наурыз. Петропавлда полицейлер “Tелеграм” желісі арқылы есірткі сатқан қала тұрғынының қызметін әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан 500 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталғандай, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған қала тұрғыны “Tелеграм” мессенджерінде 3,5 мыңнан астам жазылушыны жинаған желі арқылы әрекет еткен.

Осы онлайн-ресурстың көмегімен ол қаланың түрлі аудандарында әрекет ете отырып, синтетикалық есірткі сатқан.

Күдікті бейсенбі күні Петропавл қаласының орталығында  мас күйінде ұсталды.

Таксимен қалада жүрген кезінде қолға түсті. Бірнеше грамм синтетикалық есірткі таксиді тінту кезінде тәркіленді. Полиция қызметкерлері күдіктінің пәтерінен 400 граммнан астам спайс , есірткі затын тапты.

Үйінен синтетикалық есірткі дайындауға арналған концентрат, электронды таразы, өлшеп-орау материалдары, ұялы телефон және ноутбук тәркіленді. Қандай мақсатпен бұл заттарды пайдаланғандығы тексеріліп жатыр.

“Спайстарды өткізу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін ол есірткіні сақтағаны үшін айыпталып, өткен жылдың көктемінде босап шыққан болатын”, – дейді Петропавл қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің басшысы Рахат Нұрахметов.

Анықтау есірткі қылмысына қарсы әрекет жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің көп айлық жұмысының нәтижесі болды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде СҚО полицейлері Аққайың ауданында есірткі саудасын анықтады.

Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі бизнесі саласындағы 37 қылмысты анықтады. 1400 граммнан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Синтетикалық есірткілерге бірінші қолданғаннан кейін тәуелді болады. Кез келген уақытта ол өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *