Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК:Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған күдікті қолға түсті

Алматы, 14 наурыз. Алматыда «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының идеологиясын ұстанушыны қолға түсті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *