Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ставрополь өлкесінде және Ханты-Мансы автономиялық округінде лаңкестік шабуылдардың алды алынды

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. Ставрополь өлкесінде және Ханты-Мансы автономиялық округінде қоғамдық орындарда лаңкестік әрекеттердің алды алынды. Күдіктілер қамауға алынды, деп РФ ФҚҚ-нің  қоғаммен байланыс орталығы хабарлайды. Бұл турылы РИА Новости сілтеме жасап Мир24 хабарлайды.

Ставрополь аймағында қауіпсіздік күштері Ресейде тыйым салынған халықаралық террористік ұйымы — «Ислам мемлекеті» тобының әрекетін жойды. Қатысушылар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды және қоғамдық орындарда лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған. Тәртіп сақшылары қаскүнемдерден жарылғыш құрылғыларға арналған заттарды, сондай-ақ қарулар мен тыйым салынған экстремистік әдебиеттерді тауып алып, тәркілеген.

ФҚҚ хабарлауынша, шабуылдаушылардың бірі Нефтекумск қаласында ұсталған, ал екіншісі қарулы қарсылық көрсетіп, залалсыздандырылған.

«Бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ханты-Мансы автономиялық округінің Лянтор қаласында Ресейде тыйым салынған «Имарат Кавказ» халықаралық террористік ұйымының үш мүшесі ұсталды. Лаңкестік ұяшыққа үш жергілікті тұрғын кірген. Олар қаладағы сауда орындарының бірінде лаңкестік шабуыл жасауды дайындаған. Тінту кезінде қаскүнемдерден қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, қару мен оқ-дәрілер табылды.

Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *