Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырауда деструктивті дін өкілдерінен құрылған қылмыстық топ ұсталды

АТЫРАУ, 10 сәуір. Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстық Полиция департаментінің өкілдері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген шара кезінде қылмыстық топты құрықтады. Деструктивті діни ағым ұстанушыларынан құралған қылмыстық топ мүшелері қала аумағында азаматтардан қорқытып ақша талап етумен айналысқан», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *