Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір. «Астана процессі» бойынша кепіл-елдердің — Ресей Федерациясы, Түркия мен Иранның сыртқы істер министрліктерінің басшылары телекөпір арқылы Сириядағы оқиғалардың дамуын егжей-тегжейлі талқылады, деп Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуға сілтеме жасап  РИА Новости жазады.

Ресей, Иран және Түркия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Сергей Лавровтың, Мохаммад Джавад Зарифтің және Мевлют Чавушоглудың Сирия бойынша «Астана» форматындағы министрлік кездесуі үш жыл ішінде алғаш рет коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер үшін онлайн-режимде өтті.

«Астана процессінің Сыртқы істер министрлерінің (кепілгер елдердің) жетінші кездесуі бейнеконференция режимінде өтті. Сирия контекстінде COVID-19 пандемиясымен күрес талқыланды. Соңғы оқиғалар, әсіресе, Евфраттан шығысқа қарай және Идлибтегі саяси процесс, гуманитарлық жағдай және босқындардың оралуы талданды», — деп Чавушоглу Twitter-де хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *