Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы: Орталық Азия елдері лаңкестікпен бірлесе күресуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Қырғызстандық саясаттанушы Шерәділ Бақтығұлов Орталық Азия елдерінің лаңкестік қатермен күресі және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) аясында өзара әрекеттесуді жалғастырудың маңыздылығы туралы айтып берді, деп жазады Sputnik Қырғызстан .

Бақтығұлов ҰҚШҰ-ға кіретін Орталық Азия елдеріне бүгінгі күні қандай террористік қауіп-қатерлердің бар екенін түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта қауіп заманауи лаңкестік  ұйымдардан келеді.

«Кейбір сарапшылар Ауғанстанның солтүстігіндегі лаңкестік  ұйымдарды қаржыландыру барлық Орталық Азия елдерінің әскери шығындарынан бірнеше есе көп дейді. Бұл өте күрделі мәселе. Олар халықаралық шарттардан тыс әрекет етеді. Бұл елеулі қауіп. Мұны бағаламауға болмайды », — дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, лаңкестер соғыс әдістерін, соның ішінде Орталық Азия елдеріне қатысты өзгертті. Бұл тікелей болмауы да мүмкін, бірақ жанама мақсат ретінде біз осындай бірлестіктер тарапынан агрессияға ұшырауымыз әбден мүмкін, деп атап өтті Бақтығұлов.

«Біздің аймақ террористік қатерге өздігінен төтеп бере алмайды. Бұл біреуді атқысы немесе жарып жібергісі келетін жай ғана қарулы адамдар тобы емес. Бұлдамыған инфрақұрылымы және қомақты қаржыландыруы бар маңызды үлкен ұйымдар. (….) Бізге бірлескен күш-жігер қажет, сонда біз лаңкестік қауіпке қарсы тұра аламыз », — деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ аясында Ресей әскери күштерін әуе базасына орналастыру туралы шешім қабылданған.Бұл база Қырғызстанның әуе қорғаныс күштеріне тиесілі.

«Ресей мен әскери қызметкерлер де осында орналасқан, сонымен қатар сол жерде Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары келісімшарт бойынша жұмыс істейді»., — деді Шерәділ Бақтығұлов.

Бұл база ҰҚШҰ аясында жедел әрекет ету үшін Орталық Азияның қауіпсіздік аймағының бір бөлігі болып табылады. Ол ауадан тек Қырғызстанды ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Тәжікстанды да қорғайды. Сонымен бірге оны ТМД елдерінің әуе қорғанысы үшін де пайдалануға болады.

Еске салсақ, биыл ҰҚШҰ-ның құрылғанына  18 жыл болды. 2002 жылдың 14 мамырында Мәскеуде толыққанды халықаралық Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын құру шешімі қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *