Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Египетте Ораза мейрамы кезінде лаңкестік әрекетті жоспарлаған содырлар жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Бүгін Египеттің қауіпсіздік күштері кенеттен жасалған соққы барысында Ораза мейрамы кезінде лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған 21 лаңкесті жойды. Бұл туралы Египеттің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .

Египет Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес қауіпсіздік күштері екі фермада жасырынған лаңкестерге оқ жаудырып, 21-ін жойып, 17 пулемет пен көп мөлшердегі жарылғыш құрылғыларды тәркіледі. Операция кезінде екі полиция қызметкері жарақат алды.

Сонымен қатар, мәлімдемеде лаңкестердің  бұл тобы 24 мамырда басталатын Ораза мерекесіне орай демалыс күндері лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлағаны түсіндірілді. Бұл қауіпсіздік күштерінің лаңкестікке қарсы сәтті операциясы болды деп хабарланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *