Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Конгода әскери операция кезінде 18 содыр жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. Дүйсенбі күні елдің солтүстік-шығысында басталған Конго Демократиялық Республикасы  қарулы күштерінің операциясы кезінде кемінде 18 содыр өлтірілді. Бұл туралы ел армиясының қолбасшылығына сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады .

Әскерилердің хабарлауынша, Конго Демократиялық Республикасының әскері Итури провинциясының шекаралас аймағында операция өткізді,  содырлар басып алған жерлерді қайтадан бақылауға алып, қару-жарақ партиясын тартып алды. Бір әскери қызметкер қаза тапты, екіншісі жараланды.

Әскерилер жақында бұл аймақта бірқатар қарулы шабуылдар болғанын хабарлады. Осы  операция жергілікті содырлардың қайта топтасуына жол бермеуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *