Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның батысында «Талибан» қозғалысының 16 содыры жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Ауғанстанның батысындағы Фарах провинциясында ауған әскери-әуе күштері жасаған әуе соққылары нәтижесінде «Талибан» қозғалысының  16 содыры жойылды, тағы бесеуі жарақат алды. Бұл туралы провинция полициясының өкілі Мухибулла Мухибке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады.

«Талибан» қозғалысының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  содырлары жұма күні таңертең Фарахтың маңындағы Дехак ауылына шабуыл жасамас бұрын қауіпсіздік күштерінің бақылау бекетіне шабуыл жасауға тырысты. Жергілікті әскери басқару органдарының ақпаратына сәйкес, әуе соққыларынан қауіпсіздік күштері де, бейбіт тұрғындар да зардап шеккен жоқ», — деді М. Мухиб.

Полиция өкілінің айтуынша, тәлібтердің Раз Мохаммед деген командирі жойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *