Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нигерияда арнайы операция кезінде 392 содыр жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Нигерия әскері бейсенбі күні елдің солтүстік-батыс және орталық аймақтарында өткен айда басталған және бірнеше күнге созылған ірі операция кезінде 392 содырдың көзін жойды деп мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады .

Әскердің баспасөз-хатшысы Джон Эненче Абуджада БАҚ-қа 14 мамырда елдің солтүстік-батысындағы Кацина штатында басталған бірлескен операция солтүстік аймақтағы бандитизм мен басқа да қылмыстар қаупін тоқтатуға бағытталғанын айтты.

«Осы операцияның нәтижесінде әскерлер екі аудандағы содырларды жойып жіберді, 1 маусым күні қашып, кейінірек азаматтық нысандарға шабуыл жасаған содырларды одан әрі жою операциясы басталды» деді Дж. Эненче.

«Бұл — елдің солтүстік-батыс және орталық аймақтарында бандитизмге және басқа да қылмыстық әрекеттерге қарсы бағытталған қатар жүргізілген операция. Осыған байланысты, жаудың анықталған барлық баспаналары жер үсті және әуедегі ұрыс қимылдары кезінде жойылады», — деп қосты әскери өкіл.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *