Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомали әскери күштері «Аш-Шабаб» тобының отыз жеті содырын жойды

НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Могадишодан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Сомали армиясы өткен сенбі күні елдің оңтүстігінде өткізген әскери операция кезінде «Аш-Шабаб» экстремистік тобының 37 содырын өлтірді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Үкімет армиясының қолбасшысы Одав Юсуф Радждың мәліметінше, тиісті ақпарат алғаннан кейін әскерилер Сомалидың оңтүстігіндегі «Аш-Шабаб» содырларының күштеріне шабуыл жасады . Операция кезінде 37 содыр өлтірілді, соның ішінде бір қолбасшы.

Жергілікті тұрғын атыс кезінде бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан немесе жарақат алғанын хабарлады.

«Аль-Каида» тобымен байланысты «Аш-Шабаб» тобы (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) соңғы жылдары Сомали мен көрші елдерде бірнеше рет шабуыл жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *