Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Есірткі бизнесімен күресте тәжірибелі ІТ-мамандар құрамы толықтырылуда

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесімен күрес бағытында ІТ-маман штатын күшейтуде. Бұл туралы депутаттық сауалға жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Есірткіні ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы тарату заңсыздықтарына тосқауыл қою мәселесіне тоқталған Үкімет басшысы, «есірткі бизнесімен күрестің тиімділігін көтеру мақсатында тиісті бөлімшелерді тәжірибелі мамандармен толықтыру бойынша шаралар қабылдануда. Осы орайда ІТ-технология саласында білімі әрі интернет желісінің көлеңкелі сегменттерімен жұмыс дағдысы бар адамдар қамтылады» деді.

Оның сөзіне қарағанда, тиісті министрліктер ақпараттық кеңістікті мониторингілеу барысында биыл 450-ге тарта есірткі сайттары бұғатталды.

Сонымен қатар, есірткіні насихаттаумен айналысқан 300-ден астам интернет-ресурстарға шектеу енгізілді.

Мұнымен қоса Премьер-Министр анонимді пайдаланушылар пайдасына электронды қаржыны аударуға тыйым салу мен электронды ақшаға қатысты күмәнді операцияларды тоқтату бойынша заңнамалық түзетулердің екі пакеті әзірленгенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *