Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысының тұрғынынан 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі заты тәркіленді

ТАРАЗ, 13 маусым. Луговой станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының 46 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Құқық бұзушы аса ірі көлемде, яғни жалпы салмағы 17 келіден аса “кептірілген марихуана” есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін күдікті болып табылды, – дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев.

Тергеу соты оған қатысты “қамауға алу” шарасын санкциялаған. Тергеу жалғасып жатыр.

Көлік полицейлері ағымдағы жылдың басынан бері есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 197 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 17-сі өткізу, 10-ы сақтау және төртеуі есірткі заттарын контрабандалық жолмен өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 59 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді, – деді полицей.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *