Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 3 террорист әуе операциясы арқылы залалсыздандырылды, деп TRT жазады. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі  Зап аймағында бақылау мен барлау көліктері арқылы анықталған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 3 террористің әуе операциясы арқылы залалсыз күйге келтірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде:

«Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған операцияларымыз батылдықпен жалғасуда» деп көрсетілді.

Сонымен бірге Сирияда «Эвфрат калқаны» аймағында террористік ұйым ДАИШ-қа қарсы операциялар да жалғасуда.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

«Эвфрат калқаны аймағында тыныштық пен қауіпсіздікті бұзуға бағытталған террористік іс-шаралар жасаған ДАИШ-тың 2 террористі операцияда ұсталды» деп көрсетілді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Каплан операциясында» батыр әскерлеріміз анықталған тунелдегі жасырын үйде террористік ұйым ПКК-ға қарасты көптеген құрал-жабдық пен тұрмыстық материалдарды қолға түсіргені және жойылғаны білдірілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *