Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы: Зеленскийдің лаңкеспен қоңырау арқылы жүргізген келіссөздері – дұрыс шешім

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, запастағы полковник, заң ғылымдарының кандидаты, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ  Төралқасының төрағасы Аманжол Оразбаев Украина президенті Владимир Зеленскийдің Луцк қаласында адамдарды кепілге алған лаңкестің талаптарын орындаған кезде жасаған әрекеттеріне баға берді, деп хабарлайды  zakon.kz .

Оның айтуынша, адамдар кепілдікке алынған кездегі сценарий лаңкестер тарапынан әрқашан қандай да бір жағдайға алып келеді.

Адамдар кепілдікке алынған кезде  — лаңкестер тарапынан қандай да талаптар қойылатыны 100 пайыз . Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез-келген ірі басып алу, мысалы, Норд-Ост, Беслан, Буденовск, қандай да талап қою мақсатында жүзеге асырылады. Міне, бұл да дәл осындай жағдай, — деп түсіндірді Оразбаев .

Оның айтуынша, лаңкестікке қарсы бөлімшелер мен мемлекеттік органдар Зеленскийге лаңкеспен қоңырау форматында келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беріп, дұрыс шешім қабылдады.

Егер лаңкеспен келіссөздерге Зеленский жеке өзі барса, онда әрине — бұл кез келген теория мен практикада дұрыс емес, — деп атап өтті сарапшы.

Ол Бесландағы лаңкестік әрекетті мысалға келтірді, лаңкестермен келіссөз жүргізуге республика президенті Дзасохов келмек болған, бірақ лаңкестікке қарсы операцияның басшылары оған тыйым салды.

Егер лаңкестер президентті кепілге алса, онда бұл әрекет саяси салдарға әкелуі мүмкін. Келіссөздерге дәрігер Леонид Рошал мен Ингушетияның бұрынғы президенті Руслан Аушев қатысты. Бұл жағдайда келіссөздерде мемлекеттің бірінші тұлғалары емес, беделді тұлғалар болды, — деп түсіндірді Оразбаев.

Сондай-ақ, сарапшы Зеленскийдің талаптардың бірін орындаған кезде жасаған әрекеттерін бағалады.

Ол адамдардың өмірлерін сақтап қалу үшін талаптардың бірін орындады. Бұл өте жақсы әрекет. Бұнда тұрған ештене жоқ? Мен қазір, әрине асырып айтып тұрмын, бірақ, лаңкес «көмекшімнің басын кесіп, тікелей эфирде көрсет» деп талап еткен жоқ.  Айталық, Зеленскийден лаңкестік көріністері бар фильмді көруге талап етсе де, ол адамдарды құтқару үшін осындай оншақты фильмді қарайды», — деп атап өтті Оразбаев.

Ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерінің айтуынша, басты нәтиже — адамдардың қауіпсіздігі.

«Лаңкестермен ешқандай мәміле жоқ» деген тұжырымға не себеп? Осыған ұқсас нұсқама бірнеше жыл бұрын қабылданған болатын. Бұл Ресейдің ФҚҚ-де. Бірақ іс жүзінде барлық әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер кепілге алынғандарды құтқарудың аздаған мүмкіндігі болса, онда келіссөздер жүргізу керек. Келіссөздер лаңкестер кепілге алынғандарды өлтірмегенше жүреді. Егер кепілге алынған мың тұтқынның немесе екі тұтқынның біреуі — өлтірілсе, онда белсенді әрекеттер басталады. Біріншіден, Зеленский адами ниетпен өте сауатты әрекет етті. Екіншіден, ел басшысы ретінде ол азаматтық жауапкершілік, — деп қорытындылады сарапшы.

21 шілде күні таңертең Украинаның Луцк қаласының орталығында ер адам жолаушылары бар сапарлық автобусты басып алып,  оларды 12 сағат бойы ұстады. Оның жанында жарылғыш заттар мен қару болған. Ол полицейлерге оқ жаудырып, граната лақтырды, бірақ ол жарылмады.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, ол нақты талап қоймады, тек  анархия туралы жалпы талқылаулармен ғана шектелді. Оқиға орнына елдің ішкі істер министрі Арсен Аваков жедел жеткен. Лаңкеспен келіссөздер жүргізілді.

Шабуылдаушы кепілге алынған адамдардың туыстарына, сондай-ақ журналистерге қоңырау шалып, оларға өз талаптарын айтты.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский лаңкеспен байланысқа шықты. Келіссөз  30-40 минутқа созылды, оның барысында мемлекет басшысы лаңкеспен кепілге алынған адамдардың барлығын босатуы туралы келісті. Мұның орнына лаңкес өз талабын қойды — Украина президенті 2005 жылы түсірілген «Земляне» фильмін көруге шақыратын бейнеүндей жасауы керек.

Владимир Зеленский видео түсірді, лаңкес барлық тұтқынды босатты. Кейін Украинаның қауіпсіздік қызметі лаңкесті ұстады. Украина басшысы лаңкестің шартын не үшін орындағанын да түсіндірді.

 

Кейін ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьев Украина президентін «Тозақтың қақпаларын ашты» деп айыптады. Теледидар жүргізушісінің айтуынша, енді лаңкестер билікті  «қысып, оларға өз талаптарын орындатуға болатынын» біледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *