Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иранда 4 айда 388 тоннадан астам есірткі тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 03 тамыз.  31 Шілдеде Иран полициясы басшысының орынбасары ағымдағы ирандық күнтізбелік жылының (2020 жылдың 20 наурызынан бастап)  алғашқы 4 айында елдің полиция күштері 388 тоннадан астам тыйым салынған есірткіні тәркілегенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық IRNA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM агенттігі хабарлады.

Бригада генералы  Ғасем Резаидің мәліметінше, ел бойынша алғашқы төрт айда 388 000 келіден астам есірткі заттары тәркіленген. Ол бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға өскендігін көрсетеді.

Әлемдегі ең ірі есірткі өндіруші Ауғанстанның көршісі ретінде Иран Ислам Республикасы есірткінің заңсыз тасымалының негізгі бағыттарының бірі ретінде ауыртпалықты көтеріп келеді.

Иран есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестің алдыңғы шебінде, мыңдаған ирандық әскери қызметшілер әлі күнге дейін әлемді есірткінің таралу қаупінен қорғайды. Жоғары экономикалық және адами шығындарға қарамастан, Ислам Республикасы соңғы онжылдықтарда есірткінің заңсыз айналымымен белсенді күресуде.

Иран өз шекараларын қорғауға  және Еуропа, Араб және Орталық Азия елдеріне арналған есірткі транзитінің алдын алуға 700 миллион доллардан астам қаражат жұмсады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *