Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидегі «Аш-Шабаб» базасын басып алу кезінде 30-дан астам бала босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз. АҚШ-Сомали әскерлері Африка Одағы күштерінің қолдауымен ондаған баланы босатып, Төменгі Шабель аймағындағы «Аш-Шабаб» содырларының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) стратегиялық базасын бақылауға алды. Бұл туралы VOA Swahili-ге сілтеме жасап REGNUM хабарлады.

Ел астанасы Могадишодан 208 шақырым жерде орналасқан, Сомалидің оңтүстік-батысындағы Кунтуварей қаласы көптеген жылдар бойы «Аш-Шабабтың» (Ресейде тыйым салынған ұйым) стратегиялық базасы болды, деп хабарлады журналистер.

 «Сомали ұлттық армиясы Африка одағының бітімгерлерінің қолдауымен содырлардың стратегиялық қаласын бақылауға алды», —  деді аймақтың қауіпсіздік министрі Исак Али Субаг .

Субаг «Аш-Шабаб» ұйымы бұл қаланы Сомали үкіметі бақылайтын аймақтын қалалары мен ауылдарына шабуыл жасау үшін пайдаланғанын қосты.

 «Содырлар қаланы аймақтың басқа бөліктерінде шабуылдар ұйымдастырған әскери база ретінде пайдаланды, сонымен қатар олар салық өндіріп, басқа да әділетсіз үкімдер шығарған соттарды басқарды», — деді ол.

Сомали әскери қолбасшылығы өкілінің айтуынша, қаланы басып алғаннан кейін үйлерді тінту жүргізген құрама күштер 33 баланы босатты.

 «Құтқарылған 33 бала «Аш-Шабаб» басқаратын қала орталығында ұсталды. Бізге оларды ата — анасынан күштеп алып кеткенін айтты», — деді полковник Исмаил Абди Малин Үкіметтің әскери радиосына.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *