Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркияның шығысында «Yıldırım» терроризмге қарсы операциясының оныншы кезеңі басталды

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. Түркияның шығысындағы Ван провинциясында сейсенбі күні терроризмге қарсы «Yıldırım»  (Йылдырым) операциясының оныншы кезеңі басталды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Операцияға 1040 полиция мен жандармерия қызметкерлері қатысуда.

Ел ішінде терроризмнің жойылуына бағытталып жүргізілген Йылдырым-1-2-3-4-5-6-7-8-9 операциялары шеңберінле бүгінге дейін барлығы 46 террорист залалсыздандырылды.

Операцияның мақсаты — елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы террористерді анықтау және толығымен жою.

Президент Режеп Тайып Ердоған КЖП содырлары Түркияда алғаш рет қанды қылмыс жасаған 1984 жылдан бастап 2020 жылдың наурызына дейін 7500 түрік қауіпсіздік күштері мен 6800 бейбіт тұрғын осы қанды ұйымның қолынан қаза тапты деп мәлімдеді.

АҚШ пен Еуропалық Одақ КЖП-ын террористік ұйымдардың тізіміне қосты.

Анкараның жағдайды шешу жолдарын іздеуге тырысқанына қарамастан, КЖП террористік ұйымы 2015 жылдың шілдесінен бастап қарулы шабуылдарды қайта бастады.

Сирияда КЖП лаңкестері PYD және YPG аттарымен жамылып жүр, ал соңғы екі жылда өздерін «Сирия Демократиялық Күштері» деп атады.

Иранда РКК «Күрдістанның еркін өмір партиясы» (PJAK) ретінде әрекет етеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *