Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Талибан» содырлары Тәжікстанмен шекарадағы ауған уезін басып алуға әрекет жасады

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (ҚР  тыйым салынған) Тәжікстанмен шекарада орналасқан ауған уезін басып алуға әрекет жасады, деп Ауғанстан ұлттық армиясының 217-ші корпусының баспасөз орталығына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан  жазады.

Бадахшан провинциясындағы Вардудж уезі туралы айтылған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 7 қыркүйекке қараған түні тәлібтер Тәжікстанмен шекаралас ауданды басып алмақ болған.

Ауғанстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері содырларға тойтарыс бергені атап өтілді, нәтижесінде тәлібтер қақтығыс болған жерден шегініп, кетуге мәжбүр болды.

 «Қақтығыс барысында 4 содыр өлтірілді, тағы 6-сы жарақат алды», — деп хабарлады Ауғанстан ұлттық армиясының 217 корпусының баспасөз орталығы.

Тәлібтер Вардудж уезін бес жыл бұрын басып алған. 2019 жылдың қыркүйек айының басында ауған әскерилері кең ауқымды терроризмге қарсы операция өткізіп, оның барысында аумақты  содырлардан босатып алған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *