Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 Ауғанстанның бірінші вице-президентіне  Кабулда шабуыл жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 09 қыркүйек. Ауғанстанның бірінші вице-президенті Амрулла Салех Кабулда болған терактіден аман қалды. Жарылыс сәрсенбі күні таңертең астананың бір ауданында тіркелді, деп centralasian.org хабарлайды. 

Ауғанстанның бірінші вице-президентінің баспасөз хатшысы Ризван Мурадтың айтуынша, қаскөйлер Амрулла Салехтің кортежіне шабуылдаған.

«Ауғанстанның және ұлт мүддесіне қызмет етушілердің жаулары бүгін Амрулла Салехті өлтіргісі келді. Жаратушының және халықтың қалауымен ол тірі қалды», — деді хатшы.

Оның айтуынша, Амрулла Салехтің үш оққағары жараланған. Шабуылдан зардап шеккендер туралы ресми мәлімет әзірге жарияланбады.

Алайда Би-Би-Си телеарнасы жарылыстан екі адам қаза болғанын, 12 адам жараланғанын хабарлап үлгерді.

Жарылыс жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *