Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Лион қаласындағы вокзалды миналау туралы хабарлама жалған болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Лион қаласындағы «Пар-Дьё» вокзалындағы жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін жүргізілген операция аяқталды, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілуде. Бұл туралы Овернь Рона-Альпы аймағының префектурасы бейсенбіде таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС .

 «Лионның «Пар-Дьё» теміржол станциясындағы полиция операциясы аяқталды, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілуде», — деп мәлімдеді префектурада.

Бұған дейін жарылғыш зат туралы хабарламаға байланысты вокзал ғимаратында полиция операциясы өткізілгені хабарланған болатын. Қауіпсіздік қызметі жолаушыларды эвакуациялады, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды, ғимарат алдындағы аймақ қоршауға алынды. Операция барысында бір әйел ұсталды . Жарылғыш құрылғылардың болуы туралы хабарланған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *