Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Франциядағы лаңкестік шабуылды қолдаған студент қыз сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Францияның Безансон қаласынын 19 жасар студент қызы тарих пәнінің мұғалімі Самуэль Патиге жасалған қастандықты қолдағаны үшін төрт айға шартты түрде айыпталды, деп Le Figaro-ға сілтеме жасап  REGNUM АА жазады.

Бойжеткен әлеуметтік желіде мұғалімнің өлімі «лайықты» деп пікір жазды. Ол «терроризмді ақтады» деген айыппен сотталды. Сот отырысында студент өзінің қателік жасағанын мойындады. Сондай-ақ, ол бұл пікірді не үшін қалдырғанын түсінбейтіндігін айтты.

Тергеуші сотталушыға алты айға шартты түрде бас бостандығынан айыруды және 180 сағат мәжбүрлі жұмыс істетуді сұрады.

REGNUM хабарлағандай, 23 қазанда Франция премьер-министрі Жан Кастекс француз билігі Самуэль Патиді аяусыз өлтіргеннен кейін мемлекеттік қызметкерлердің қорғанысын күшейтеді және әлеуметтік желілерге бақылауды күшейтеді деп мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *