Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО полицейлері 100 келіден астам есірткі заттарын жойды

ПЕТРОПАВЛ, 02 қараша. Петропавл қаласы тұрғынының ауласынан жабайы өскен қара сора алқабы анықталды. Сараптама актісіне сәйкес, салмағы 100 келіден асатын есірткі заты тәркіленді. Аса улы зат арнайы комиссияның қатысуымен өртелді, деп жазады Azattyq Rýhy.

СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 390 келіден астам түрлі есірткі заты, оның ішінде 1 келі 690 грамм синтетикалық дәрі-дәрмек алынған. Қылмыстық жауапкершілікке 85 адам тартылыпты.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қамқор» клубының еріктілерін акцияға қатысуға шақырды. Қоғамдық белсенділер профилактикалық іс-шаралар кезінде, рейдтерде, есірткі графифитилерін бояу барысында әрдайым полицейлерге көмектесіп тұрады. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің 3 курс студенті Қайсар Мусиннің айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасында жаман жолға түспеудің алдын алуға бағытталған.

«Біз — еріктілер осындай акцияға өз үлесімізді қосқанымыз үшін қуаныштымыз. Осындай іс-шараларға қатыса отыра, біз «Есірткіге жол жоқ!» деп, қоғамды салауатты өмір салтына шақырамыз», — деп атап өтті белсенді.

Акция барысында жастарға жыл басынан есірткі заттарын шамадан тыс пайдалану нәтижесінде қайтыс болған 5 адам жайлы мәлімет айтылды. Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем 69 рет көмекке келген. Көмекке жүгінгендердің арасында кәмелетке толмағандармен есірткі затын пайдаланудың 7 жағдайы тіркелген. Петропавл қалалқ Полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы полиция капитаны Рахат Нұрахметов есірткіге қарсы күрес іс-шараларына жастарды тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Мектеп қабырғасында балаларға есірткінің зияны жайлы ойды санасына мықтап сіңіру керек. Ата-аналар, мұғалімдер, біз тәртіп сақшылары бірлесіп, күн сайын тәлімі мол профилактикалық жұмысты өткізуіміз қажет. Жастармен бірлесе отыра атқарған бүгінгі іс-шарамыз – осы бағыттағы профилактикалық тәсілдің бір жолы», — деді Нұрахметов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *