Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Венадағы лаңкестік шабуыл ісі бойынша 14 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 05 қараша.Венадағы лаңкестік әрекеттең кейін 14 адам ұсталды. Бұл туралы сәрсенбі күні кешке Аустрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммер мәлімдеді, деп хабарлайды Deutsche Welle .

Қамауға алынғандар 18 мен 28 жас аралығында, олардың кейбіреулері Аустрия азаматтары емес. Олардың лаңкестік ұйымға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Вена полициясының бастығы Герхард Пюрстль тұтқындалғандардың арасында қос азаматтығы бар адамдар, оның ішінде Ресей Федерациясынан, Түркиядан, Бангладештен және Солтүстік Македониядан келгендер бар деп қосты.

Венадағы лаңкестік шабуыл

 

2 қарашада Венада орын алған шабуылда  4 адам құрбан болды, тағы 23-і жарақат алды, олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Винтовкамен қаруланған шабуылдаушы Венаның тарихи орталығындағы алты жерде, соның ішінде Вена синагогасы маңына оқ атқан. Ол жалғыз болған, полиция оны атып өлтірді.

Лаңкестік шабуылды Аустрия және Македония азаматтығы бар Солтүстік Македонияның 20 жастағы тумасы жасады. Кезінде ол ИМ-не қосылу үшін Сирияға шықпақшы болған, сол кезде ұсталған.

Лаңкестік топқа мүше болғаны үшін 2019 жылдың 25 сәуірінде 22 айға қамауға алынды, ал 5 желтоқсанда «мерзімнен бұрын шартты түрде босатылды». Ол радикалсыздандыру бағдарламасына қатысты, бірақ ол әділет органдарын алдап кетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *