Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша.ДАИШ террористік ұйымының содырлары Салахаддин провинциясында белсенділіктерін арттырды, деп Анадолу агенттігі жазады.

Ирактың Салахаддин провинциясындағы жарылыс салдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты.

Ирак ішкі істер министрлігінің өкілі, Салахаддин провинциясының капитаны Ахмет Экрем Анадолу агенттігіне берген сұхбатында ДАИШ террористерінің Ширгат елді мекенінің жанындағы алқапқа жарылғыш зат қойғанын хабарлады.

 «Жарылғыш құрылғы қашықтан басқару құралымен іске қосылды, нәтижесінде бір фермер қаза  болды», — деді Экрем.

Оның айтуынша, Ширгат аймағынан тыс жерде ДАИШ содырлары ұрлап әкеткен тағы екі адамның мәйіті табылды.

Мәйіттер ұрланғаннан кейін үш сағаттан соң табылды, деп атап өтті полиция капитаны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *