Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Оңтүстік Осетия астанасында қоғамдық орындағы жарылыстың алды алынды

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Оңтүстік Осетияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей ФҚҚ-нің көмегімен республиканың астанасы Цхинвалидегі қоғамдық орында жарылыстың алдын алды, деп Оңтүстік Осетияның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ТАСС жазады.

 «Оңтүстік Осетия Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің одақтас өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік Осетия Сыртқы барлау қызметінің күштері мен құралдарының белсенді қатысуы мен қолданылуымен Цхинвали қаласындағы қоғамдық орында жарылғыш құрылғыны іске қосу әрекеті анықталып тоқтатыл», — делінген хабарламада.

Жарылыс әрекетін ұйымдастырушы ұсталды. Ол тұратын үйді тексеру кезінде АКС-74 автоматы, үш сүңгі-пышақ және Калашников автоматының сегіз оқжатары, тұтандырғышы бар екі Ф-1 жарықшақты гранатасы, белгі беру ракетасы, металл іздегіш және әскери атыс қаруларына арналған 600-ден астам патрон табылды.

«Комитет жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының кешенін жүзеге асыруды жалғастыруда», — деп республиканың МҚК атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *