Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркия Сыртқы істер министрлігі: Сомалидегі лаңкестік әрекеттен 1 түрік азаматы қаза тауып, 4-і жараланды

НҰР-СҰЛТАН, 02 қаңтар.  Анкара Сомалидегі түрік компаниясының қызметкерлеріне жасалған лаңкестік шабуылды айыптады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды.

Анкара Сомалидегі түрік компаниясының қызметкерлеріне жасалған, салдарынан төрт азамат, оның ішінде бір түрік азаматының өмірін қиған лаңкестік шабуылды айыптады.

Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, миналанған көлікті пайдаланып ұйымдастырылған лаңкестік шабуылдың салдарынан төрт түрік азаматы да жарақат алды.

Министрлік жарақат алған азаматтардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отырғанын атап өтті.

«Анкара Могадишо-Афгойе тас жолын салып жатқан Түркияның мердігер компаниясының қызметкерлеріне жасалған шабуылды қатаң айыптайды», — делінген хабарламада.

Түркия Сыртқы істер министрлігі компанияның Сомалінің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқанын атап өтті.

Министрлік марқұмдардың отбасына көңіл айтып, жаралылардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Түркия бауырлас және достас Сомалиге қолдау көрсетуді жалғастырады, деп баса айтты СІМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *