Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл облысында героин сатушысы қолға түсті

ТАРАЗ, 02 ақпан. Жамбылдық полицейлер героин сатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қордай ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі затын сатқан 57 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның үйінен жалпы салмағы 570 грамм героин есірткісі тәркіленді.

Ол 2016 жылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін сотты болған. Күдікті азамат кінәсін толық мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297–бабы 3-бөлігі «Өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау« бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баппен мүлкін тәркілеу, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деді облыстық полиция департаменті бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *