Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ержан Нүкежанов Ақмола облысының Дін істері басқармасы және «КҚТДО» КММ  басшылығымен кездесу өткізді

КӨКШЕТАУ, 04 ақпан. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бастамашылық еткен стратегиялық сессияларды өткізу аясында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов онлайн-форматта Ақмола облысының Дін істері басқармасы және «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшылығымен кездесу өткізді, деп kazislam.kz хабарлайды. 

Іс-шарада дін саласындағы 2020 жылғы жұмыстың негізгі нәтижелерін тыңдап, 2021 жылға арналған негізгі міндеттерді атап өтті. Кездесуге Комитет қызметкерлері мен Ақмола облысының теологтары, психологтары, дінтанушылары қатысты.

Басқосу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында әзірленіп жатқан «Қазақстан – зайырлы мемлекет» медиа-жоспарының негізгі бағыттары талқыланды.

Халық арасында зайырлылық қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық келісім мен қазақстандық қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Комитет қызметкерлері дінтану сараптамасын жүргізуге, діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты бірқатар өзекті мәселелерге жауап беріп, интернет-кеңістікте ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмыстарын жетілдіру бойынша пікір алмасты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *