Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Аралда 2012 жылы туған мектеп оқушысы өрт сөндіру бөлімін «миналады»

ҚЫЗЫЛОРДА, 15 наурыз. Қызылорда облысы Арал ауданында үшінші сынып оқушысы ғимаратта бомба бар екендігін айтып, елді әуре-сарсаңға салып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Арал аудандық № 3 өрт сөндіру бөліміне ұялы телефоннан хабар келіп түсті. Онда әлдекім «Ғимаратта бомба бар» деген ақпаратты жеткізген. Бөлім мамандары қоңырау шалушының дауысынан жасөспірім екенін анықтаған. Оған қоса жасөспірімнің ұялы байланыс номері белгілі болған.

Өрт сөндіру қызметкерлері ол номерге кері байланысқа шығуға тырысқан. Дегенмен телефонды көтермеуіне байланысты жасөспірімнің тұрғылықты жерін біршама уақыт анықтау мүмкін болған жоқ. Құқық қорғау органдары бұған байланысты тиісті іс-шараларды атқарды.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу арқылы «жалған терроризм» туралы хабар түсіруші белгілі болды. Ол Арал қаласында тұратын 2012 жылы дүниеге келген 3 сынып оқушысы екен. Қазіргі уақытта тіркелген іске байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында терроризмнің жаңадан жасалып жатқан әрекеті туралы дәлелді жалған хабарлау бойынша тағайындалатын жаза көрсетілген», — деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Оразов.

Соңғы рет облыс аумағында жалған терроризм туралы хабарлама 2017 жылы тіркелген. Бұған дейінгі құқық бұзушылықтар алкогольдік тәуелдігі бар немесе жүйке ауруларымен арнайы есепте тұратын ересек азаматтар тарапынан жасалған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *