Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан полицейлері есірткі сатқан күдіктіден 3 келіден астам марихуана тәркіледі

ТҮРКІСТАН, 23 сәуір. Түркістан облысында есірткі сатқан күдіктіден үш келіден астам марихуана алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен, Бәйдібек ауданының тұрғыны есірткінің ірі көлемін заңсыз сақтап, өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен көрсетілген мекен жайға ТО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен АПБ-нен тәжірибелі тәртіп сақшылары жетті. Полицейлер бірден жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Нәтижесінде, есірткі сату қылмысына қатысты күдіктіні қолға түсірді.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде, оның асханасындағы шкафтың үстінен 10 дана бөлек пакеттерге салынған хош иісті, жасыл түсті, есірткіге ұқсас затты тауып, тәркілеп алды. Сонымен қатар аталмыш асхананың шатырының үстінен, ақ түсті қапқа салынған есірткі затына ұқсас жасыл түсті зат табылды. Табылған заттарға сараптама тағайындалды.

Сараптама қорытындысымен күдіктіден алынған заттардың жалпы салмағы үш келіден астам “кептірілген марихуана” болып шықты. Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын сату үшін бөліп, пакеттерге салғанын мойындады.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *