Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ пен НАТО Ауғанстандағы базалардан әскерлерді шығаруды бастады

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір.Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады, деп TRT хабарлайды. 

Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ әскерлерінің қолбасшысы Скотт Миллер Ауғанстандағы шетелдік базалардың босатыла бастағанын айтты.

Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады.

Ауғанстандағы кейбір базалардың босатыла бастағанын айтқан Миллер шетел күштері шегінгеннен кейін де ауған күштеріне қолдаудың жалғасатынын білдірді.

Миллер ел көлемінде Талибанның күш қолдануы артқанын айтты.

Қақтығыстың артуы бейбітшілік процесіне ықпал жасағанын білдірген Миллер шетел жасақтары шегінгеннен кейін қақтығыстар артатын болса, бұл бүкіл аймақ үшін қауіпті екенін тілге тиек етті.

АҚШ Орталық Күштер Қолбасшылығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде жабдықтар шегіндіріле бастағаны, екі соғыс ұшағының Ауғанстаннан шегіну операциясын қорғау мақсатымен аймаққа орналастырылғаны білдірілген еді.

АҚШ президенті Джо Байден 1 мамырдан бастап 11 қыркүйекке дейін Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің шегініп болатынын жариялаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *